Жарияланды: 480

Қарашығанақ кенішінен шығарылған мұнайды КТК жүйесімен тасымалдау 2004-жылдың екінші тоқсанына межеленген

Қарашығанақ кенішінен шығарылған мұнайды КТК экспорттық жүйесімен тасымалдау мерзімі 2004-жылдың екінші тоқсанына межеленген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне КТК экспорттық жүйесінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінен хабарлауынша, жүйеге мұнай экспорттаушы тағы бір елді қосу - онымен тасымалданатын мұнай көлемін жылына 24 млн. тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. Соның ішінде Қарашығанақ кенішінен жылына 6 млн. тонна мұнай айдау көзделіп отыр. Ұзындығы 635 шақырымдық Қарашығанақ-Үлкен Шаған-Атырау бағытындағы жаңа құбырмен Қарашығанақ мұнайын КТК жүйесіне жеткізу бастапқыда 2003-жылдың қыркүйек айына межеленген болатын. Алайда, құбырға жіберілетін алғашқы мұнай техникалық стандартқа сай болмай шықты. Ұзындығы 1,58 мың шақырымды құрайтын Теңіз-Новоросийск Каспий құбыр жүйесі Батыс Қазақстандағы мұнай кеніштерін Ресейдің Қара теңіз жағалауымен жалғастырады. Бастапқы кезеңде құбырдың өткізгіштік қуаты жылына 28,2 млн. тоннаны құрайды, оның 21,7 млн. тоннасын Қазақстан қамтамасыз етуі тиіс. Каспий құбыр жүйесінің жобалық қуаты біртіндеп жылына 67 млн. тоннаға жеткізілуі тиіс. 2003-жылы Каспий құбыр жүйесімен 14,8 млн. тонна Қазақстан мұнайы тасымалданды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін