Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Оралдың табиғатты қорғау прокуратурасының ауа қабатын қорғау туралы заңды сақтауға жүргізген тексеруі нәтижесінде «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» мекемесі 2007 жылы өндірістік іс-қызметі барысында газды жағудан ауаны ластайтын қалдықтар шығарғандығы» белгілі болған.
Осыған байланысты прокуратура аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына ұсыныс енгізіп, нәтижесінде Оралдың арнайы ауданаралық экономикалық соты шағымды толық көлемде қанағаттандыру туралы қаулы шығарған. «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» концерні дүниежүзіндегі ірі мұнайгазконденсаттық кеніштерінің бір болып табылатын Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кенішінде өңдеу жұмыстарымен айналысады. «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» концернімен жасалған келісім шарттарына сәйкес ол 2038 жылға дейін Қарашығанақ жобасан басқарады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті