«Қаражамбасмұнай» АҚ-ның ереуілге қатысудан бас тартқан жұмыскерінің гаражына өрт салған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қаражамбасмұнай» АҚ-ның ереуілге қатысудан бас тартқан жұмыскерінің гаражына өрт салған

«Қаражамбасмұнай» АҚ-ның ереуілге қатысудан бас тартқан жұмыскерінің гаражына өрт салған

Белгісіз біреулер «Қаражамбасмұнай» АҚ-ның ереуілге қатысудан бас тартқан жұмыскерінің гаражына өрт салған, деп хабарлайды дүйсенбі күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ баспасөз қызметі.

  • 11 Шiлде 2011
  • 481
Фото - Caravan.kz

«Бүгін 11 шілдеде таңғы сағат 4-те Шетпеде аудандық аурухананың маңында тұратын вакуумдық қондырғының операторы Қайрат Аймекеновтың үйінің қасындағы гаражы өртенді. 11 шілде күні таңертең белгісіз біреулер гаражға өртенетін қоспасы бар (Молотов коктейлі) бөтелкелер тастаған. Жалын гаражды түгел шарпыған, иесі көлігін алып үлгерген, осыдан кейін өрт сөндірушілер жетіп, өртті сөндірген», — делінген ақпаратта.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиғадан бұрын Қ. Аймекеновтың «ұялы телефонына біреулер жасырын номерлерден бірнеше рет қоңырау шалып, жұмысын тоқтатып, ереуілге шықпаса, шара қолданатынын айтып қорқытқан».

Өрт салушылардың кім екені белгісіз, оқиға туралы арыз жергілікті полицияның тірек бекетіне берілді. Тергеу жүргізіліп жатыр, делінген ақпаратта.

Бұрын хабарланғандай, 26 мамырда «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының 10 жұмыскері аштық жариялап, 250 жұмыскері ереуілге шықты. 16-24 мамыр аралығындағы кезеңде ӨМГ құрылымдық бөлімшелерінің 22 жұмыскері жергілікті атқарушы және қадағалаушы органдарға, Жаңаөзен сотына және кәсіпорын басшысына аштық өткізу туралы өтініш жазып, жалақы төлеу жүйесін өзгерту бойынша алты талап қойды. 24 мамырда Жаңаөзен соты талаптарды негізсіз және заңсыз деп таныды.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ-ның еншілес компаниясы) — мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 16%-ға артып, 13,2 млн. тоннаны құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар