Жарияланды: 690

"Қаражанбасмұнай" ААҚ мұнайшылардың балаларының биылғы жазғы демалысына 18 млн. теңге бөлді

"Қаражанбасмұнай" ААҚ-да жұмыс істейтін мұнайшылардың балалары биылғы жазғы демалысын Каспий теңізінің жағалауындағы "Волна" балалар лагерінде және Көкшетау іргесіндегі дауажай аймағында орналасқан "Спутник" сауықтыру орталығында өткізеді. Компания бөлген 18 млн. 182 мың теңгеге 580 бала демалысын балалар лагерінде өткізе алады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне компанияның бұқарамен байланыс департаментінен хабарлады.

Өткен жұмада балалардың "Волна" сауықтыру лагерінде жазғы маусымның басталу рәсімі болып өтті. Бұл лагерь сұйытылған көгілдір отын сатумен айналысатын "Егінсу" ЖШС кәсіпорнының иелігінде. Мұнда биыл жазғы маусым алғаш рет ашылып, оған "Қаражанбасмұнай", "ӨзенМұнайГаз" және "Аджип ККО" мұнай компанияларының мұнайшылары өз балаларын жіберді. Лагерьде демалуға қолайлы барлық жағдайлар жасалған : бөлмелер 2-3 адамға есептеліп, монша кабинкаларымен қамтамасыз етілген. Медициналық кабинет, спорт және музыкалық залдары бар спорттық-демалыс кешені жұмыс істейді, балалар күніне бес уақыт тамақтанады. Ал таяуда мұнда жаңа қазіргі заманғы бассейн ашу межеленіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть