-Жұмыстан қалдық. Үнемі осылай. Түк бітіріп жатқан жоқ.
Коммуналдық қызметкерлер қазір күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Орталық көшелер мен тротуарларды тазалау үшін 100 техника мен 400-ге жуық адам жұмылдырылған. Мұндай қалың қар Оралға тек жаңа жылда түскен. 2 аптаның ішінде қаланың сыртына 25 мың текше метр қар шығарылыпты. Алдағы уақытта да коммуналшылардың жұмысы көбеймесе азаймайды. Себебі, синоптиктер қалың қардың көкесі әлі алда деп отыр.
Арман Нұрғалиев, коммуналдық мекеме қызметкері:
-Қаланың барлық көшелерін мұндай қалың қардан тазалау мүмкін емес. Сондықтан біз бірінші кезекте көпшілік жүретін жерлерді, қоғамдық көліктердің қозғалатын бағытын тазалаймыз. Себебі, тұрғындар жұмыстарына кешікпеуі керек.