Қарин: Қазақстанда Қытай қаупі асыра айтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарин: Қазақстанда Қытай қаупі асыра айтылады

Қарин: Қазақстанда Қытай қаупі асыра айтылады

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры Ерлан Қарин Қазақстанда Қытайдың экономикалық экспансиясы күшейіп кетеді деген қауіп негізсіз деп мәлімдеді.

  • 20 Маусым 2016
  • 567
Фото - Caravan.kz

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Қарин бұл туралы Астанада институт өткізетін Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған конференцияда айтқан, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Қариннің сөзінше, Қазақстан қоғамында "қытайлықтар келсе барлығын сатып алады" деген пікір іс жүзінде дәлелденбеген. Ол Қазақстанда тіркелген бизнес субъектілері саны жөнінен Қытай бесінші орында тұрғанын, оған дейінгі орындарда Ресей, Түркия, Нидерланды және Германия тұрғанын айтады.

Қарин сонымен қатар Қазақстанда 1 мыңнан астам қытайлық, Қытайда 11 мыңға таяу Қазақстан азаматы оқып жатыр.


Өткен айларда Қазақстан үкіметі ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді сату және шетелдіктерге жалға беру жоспарын жариялағанда қазақстандықтардың көбі жерді "Қытай кәсіпкерлері жалға алып, қайтармай қоюы мүмкін деген қауіп білдіре бастаған.

Соңғы жаңалықтар