Жарияланды: 340

Қарқаралыдағы төбелестен кейін полиция басшылығы жұмыстарынан қуылды

Қарқаралыда тәртіп сақшыларының қатысуымен болған жаппай төбелестен кейін аудандық полиция басшылығы түгел жұмыстарынан шеттетілді. Ал сол төбелеске қатысқан полицей қызметінен қуылған.

Естеріңізге салсақ,Қарақаралыдағы дәмхананың бірінде көңіл көтерген жігіттер ащы судан сілтеп алып, өзара шекісіп қалған. Мәселені шешу үшін қала шетіне шығып, қып-қызыл төбелес басталған. Жаппай жұдырықтасу кезінде пышақ ала жүгіргендері де бар. Мылтық та атылған. Салдарынан 1 адам қаза тапты. Ал түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген 6 адамның бірі полиция қызметкері болып шықты. Осыған байланысты өткен қызметтік тексерістің қортындысы бойынша таяқтың бір ұшы аудандық полиция басшылығына да тиген. 

Жаңатай Сембеков Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Қызметтерінен аудандық полиция бөлімі бастығы, оның орынбасары, әкімшілік және патрульдік полиция бөлімі бастықтары жұмыстарынан шеттелді. Ал жарақат алғандар жазылып шыққасын тергеуге алынатын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін