Қарумен қорқытып мал секілді дауыс шығаруға мәжбүрлеген - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарумен қорқытып мал секілді дауыс шығаруға мәжбүрлеген

Қарумен қорқытып мал секілді дауыс шығаруға мәжбүрлеген

Шымкентте бозбалалар жауыздығы шектен шықты. Тапа-тал түсте қаланың  қақ  ортасында 4 жігіт мектеп оқушысын қарумен қорқытып мал секілді дауыс шығаруға мәжбүрлеген.

  • 5 Желтоқсан 2013
  • 185
Фото - Caravan.kz


— Үр, ит сияқты

– Аф.Аф. 

—  Сиыр бол

– Мууу  –

 –Қатты айқайла дедім ғой…

17 жасар Қайрат есімді жігітті жерге төрттағандатып отырғызып жан-жануардың даусын салдырып күштеп малша маңыратқан видеосын қатыгез жігіттер ғаламторға салып жіберіпті. Шолақ мылтықты кезеніп күштеген төртеудің бірі кезінде осы Қайраттан таяқ жеген көрінеді. Кек қайтаруды көздеген ол достарымен 11 сынып оқушысын мектептен шығарып алып осындай әрекеткен барған. Қазір бұзақылардың бірі қамауда. Ал қалғандары қашып жүр.