Қару-жарақтары тәркіленген АҚШ азаматтары Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің шақыруымен келген - Қырғызстан үкіметі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қару-жарақтары тәркіленген АҚШ азаматтары Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің шақыруымен келген - Қырғызстан үкіметі

Қару-жарақтары тәркіленген АҚШ азаматтары Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің шақыруымен келген - Қырғызстан үкіметі

Бішкек. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ІІМ қызметкерлері қару-жарақтары мен оқ-дәрісін тәркілеп алған АҚШ азаматтары Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің шақыруымен келген, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Тамыз 2008
  • 466
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің шақыруымен елдің антитеррорлық мүмкіндіктерін арттыру үшін оқыту мақсатымен АҚШ-тан мамандар тобы келген», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Республиканың ІІМ 4 -тамызда жүргізген операцияның салдарынан болған жағдайдан шығу мақсатымен Қырғызстанның мүдделі министрліктері мен мекемелерінің және Қырғызстандағы АҚШ елшілігінің қатысуымен консультациялар өтті.

«Ақылдасу нәтижесінде оқыту процессін жүзеге асыруда Қырғызстанның заңнамасында қарастырылған кейбір талаптардың орындалмағаны белгілі болды. Осыған байланысты АҚШ пен Қырғызстан арасындағы халықаралық лаңкестікпен күрес саласындағы белсенді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру үшін жіберілген кемшіліктерді жоюға шаралар қолданылып, осыдан кейін Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті мен АҚШ жағы арасындағы бірлескен тренингтер одан әрі жалғасады», -деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті