Қарызға белшеден батқан мемлекеттер саны көп - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарызға белшеден батқан мемлекеттер саны көп

Қарызға белшеден батқан мемлекеттер саны көп

 Бүгінгі берекесі қашқан кезеңде бай мен кедейдің аражігі бір-бірінен қалай тез ажырап бара жатса, әлемдегі мемлекеттердің қарыздары да солай өскен үстіне өсе түсуде. Әлбетте, бұрнағы жылғыға қарағанда, былтырғы қаржы жылы біршама табысты болған сияқты. Бірақ бұл мемлекеттер арасындағы қарыздың мөлшері арта түсуіне титтей де әсер ете алған жоқ. Мұны McKinsey Global Institute компаниясы шығарған есеп те дәлелдей түседі. Оның тексеруі бойынша, мемлекеттердің қаржы дағдарысынан кейінгі қарызы бір жыл ішінде тағы 57 триллион долларға артқан.

  • 11 Ақпан 2015
  • 284
Фото - Caravan.kz
Есепте әлемнің экономикалық жағынан барынша жоғары елдері жалпы ішкі өнімнің мөлшерін рецессия мен қаржы дағдарысына дейінгі, 2007 жылғы деңгейді сақтап қалған.  Сонымен бірге, жалпы әлемдік қарыздың көлемі 2014 жылдың екінші тоқсанында $199 трлн.-ға жеткені айтылады. Осы аралықта қарыз ауқымының айтарлықтай өзгерістерді де бастан кешкені бар. Егер салыстырып қарасақ, бұл 2007 жылы $142 трлн. болса, 2000 жылдың соңында 87 трлн.-ға дейін түсіп еді. Бұдан кейін қарыз қайтадан көтерілу жолына түсті. Жоғарыдағы баяндамада бұған үш түрлі фактордың әсер еткені атап көрсетіледі. Біріншіден, мұның негізін мемлекеттік қарыздар құраған. Екіншіден, тұрғындардың ұдайы қарызға батуы артқан. Бұған қоса, Солтүстік Еуропа мен бірқатар Азия елдерінде тұрғын үйлер бағаларының күрт көтерілулері орын алған. Үшіншіден, Қытайдың қарызы бұрынғысынан 4 есеге ұлғайған. Мұнда тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар, тұрғындар мен корпорациялардың да қарыздары есепке алынады. Міне, осының кейінгісінің соңғы уақыттары қатты өсе бастағаны да байқалады. Тек АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия, Испания секілді елдерде ғана дағдарыс басталғалы тұрғындар қарыздарының деңгейі төмен түскен. Ал басқа елдерде бұл көрсеткіш керісінше көтеріліп кеткен. Мысалы, Австралия, Канада, Дания, Швеция, Нидерланд, Малайзия, Оңтүстік Корея және Таиланд сияқты елдерде бұл айрықша байқалған.

Әлем әзірге осындай бір-біріне кереғар күйді кешіп келе жатыр, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.