Қаржы министрі шағын бизнесті тексеруге мораторийді алып тастауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы министрі шағын бизнесті тексеруге мораторийді алып тастауды ұсынды

Қаржы министрі шағын бизнесті тексеруге мораторийді алып тастауды ұсынды

Микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау керек.

  • 2 Қыркүйек 2021
  • 1779
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Былтыр енгізілген тексерулерге үш жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдауда. Осыған байланысты микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынамыз», — деді Ерұлан Жамубаев.

Жалпы, Қаржы министрлігінің атап өтуінше, ұсынылып отырған іс-шара мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюына мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар