Қаржы министрлігі аймақтық электр таратушы компаниялардың қожайындары тарапынан инвестициялық міндеттемелерін орындауына жүргізілген тексеру қорытындысын келесі аптада жария етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы министрлігі аймақтық электр таратушы компаниялардың қожайындары тарапынан инвестициялық міндеттемелерін орындауына  жүргізілген тексеру қорытындысын келесі аптада жария етеді

Қаржы министрлігі аймақтық электр таратушы компаниялардың қожайындары тарапынан инвестициялық міндеттемелерін орындауына жүргізілген тексеру қорытындысын келесі аптада жария етеді

АСТАНА. 14-мамыр. Kazakhstan Today. Қаржы министрлігі аймақтық электр таратушы компаниялардың қожайындары тарапынан инвестициялық міндеттемелерін орындауына жүргізілген тексеру қорытындысын келесі аптада жария етеді. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық кеңес барысында республиканың қаржы министрі Наталья Коржова құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 14 Мамыр 2007
  • 400
Фото - Caravan.kz

«Кезінде инвесторлардың меншігіне берілген аймақтық электр таратушы компаниялардан тек үшеуі ғана инвестициялық міндеттемелерін ескере отырып жекешелендіруден өтті»,- деді Н.Коржова. Оның айтуынша, қалған энергия таратушы компаниялар жаңа меншік иелеріне банкроттық процедурасынан кейін өткен. Сонымен бірге министрдің айтуынша, аймақтық электр таратушы компаниялардың банкроттық процедурасынан кейін жеке меншікке өту оқиғаларын да «тексеру қажет».

«Біз тексеру қорытындысын келесі аптада жариялай аламыз»,- деді Н.Коржова.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 30-сәуірде республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қаржы министрлігіне инвесторлардың аймақтық электр таратушы компанияларды жекешелендіруде жүктеп алған инвестициялық міндеттемелерін орындау жағдайын тексеруді тапсырған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті