Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнер Мейіржан Төребаев ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнер Мейіржан Төребаев ұсталды

Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнер Мейіржан Төребаев ұсталды


Сот танымал қазақстандық блогерлер – Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовты қамауға алу туралы шешім шығарды, деп жазды Caravan.kz порталы turkystan.kz.-ке сілтеме жасап.

  • 10 Ақпан 2022
  • 112
Фото - Caravan.kz

«Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының азаматтарға қатысты 1000 АЕК мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылды. Үш күдікті де кепілмен босатылды», – делінген сот хабарламасында.

Ұсталған үш вайнер де ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы («қаржы пирамидасын құру және оны басқару») бойынша күдікті деп танылған. Егер оларға тағылған айып дәлелденсе, әрқайсысы 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылулары мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін Mudarabah capital компанияның бас директоры Руслан Бурханов қамауға алынған болатын. Сондай-ақ, оның қоластында істеген өзге де азаматтар күдікті ретінде тергеліп жатыр.