Қаржы полицейлерінен қашып, 2-ші қабаттан қарғып кеткен колледж директоры 3 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полицейлерінен қашып, 2-ші қабаттан қарғып кеткен колледж директоры 3 жылға сотталды

Қаржы полицейлерінен қашып, 2-ші қабаттан қарғып кеткен колледж директоры 3 жылға сотталды

Алматыда "қаржы полицейлерінен қашамын" деп екінші қабаттан қарғып кеткен колледж директорына қатысты сот отырысы аяқталды. Бостандық ауданының нөмірі 2-сотының судьясы «Сервис және технологиялар» колледжін сегіз жыл басқарған Маран Тақабаевты 109 мың теңге пара алғаны үшін айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырд

  • 26 Ақпан 2014
  • 254
Фото - Caravan.kz

Екінші қабаттан секірген колледж директоры бас сүйегі зақымданып, миы шайқалған. Оны төсекке таңылғанына қарамастан қаржы полицейлері ауруханада жатқан жерінен қамауға алған. Ерекше операцияның соңы әзірге үш жылдық жазамен тәмамдалды. Бірақ бұл мерзімнің алдағы уақытта тағы ұзартылуы да ғажап емес.


Негізі Маран Тақабаев «пара алды», «қызмет бабын асыра пайдаланды» және «бюджет қаржысын жымқырды» деп айыпталған болатын. Алайда үш айға созылған сот процесінде бұрынғы басшының тек бір ғана қылмысы дәлелденген, деп хабарлайды «Жетінші арна».