Қаржы полициясы банк карточкаларын пайдаланып алаяқтық жасап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды
Қаржы полициясының қызметкерлері банк карточкаларын пайдаланып алаяқтық жасап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қаржы полициясы Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Аталмыш қылмыстық топтың әрекетінен 800 мың теңгенің шығыны келген. |
Баспасөз қызметінің хабарлағанындай, 2003-жылдың 5-наурызында қылмыстық топ мүшелері қаладағы ірі дүкендердің бірінен 464 мың теңгенің тауарларын сатып алған. Алаяқтар эмитенті "Казкоммерцбанк" ААҚ болып табылатын жасанды "Master Card Gold" атты банк карточкасын пайдаланып қолма-қол ақша алған көрінеді.
Сондай-ақ, 2003-жылдың 3-маусымында аталмыш қылмыстық топтың мүшелері тағы да жасанды банк карточкасын пайдаланып, Алматыдағы маңдай алды қонақүйлердің біріндегі казинодан 2 мың АҚШ долларын қолма-қол алған.
Аталмыш деректер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 177 -бабы, 2-бөліміне (алаяқтық) және 207-бабының 1-бөліміне (жасанды төлем карточкасын жасап пайдалану ) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Осы іске қатысты үш күдікті ұсталды. Ал төртінші күдікті іздестірілу үстінде. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін