Қаржы полициясы газеттен жарияланған материалды жоққа шығаруды талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы газеттен жарияланған материалды жоққа шығаруды талап етуде

Қаржы полициясы газеттен жарияланған материалды жоққа шығаруды талап етуде

Алматы. 28-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы "Республика. Деловое обозрение" газетінде жарияланған материалды жоққа шығаруды талап етіп отыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне халықаралық "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау қоры хабарлады.

  • 28 Желтоқсан 2007
  • 465
Фото - Caravan.kz

«27-желтоқсанда «Республика. Деловое обозрение» газетінің редакциясына Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) агенттік төрағасының орынбасары К. Қожамжаровтың қолы қойылған сотқа дейінгі шағымы келіп түсті», — деп хабарлады қор қызметкерлері.

Биыл 7-желтоқсанда жарияланған Г. Байдалинованың «Егер президентті ат деп бұйрық берілсе ше?!» («А если прикажут стрелять в президента?!») деген мақаласы шағымдануға түрткі болған. Агенттік төрағасының орынбасары «автордың мақалада жарияланған қаржы полициясы органдарына қатысты ой-тұжырымы шындыққа жанаспайды» деп санап, оны газеттің кезекті нөмірінде жоққа шығаруды талап етіп отыр. Себебі, «ол Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынышты және жауапты мемлекеттік органның абыройы мен іскерлік мәртебесіне кір келтіреді». «Әділ сөз» қоры хабарлағандай, егер бас тартылған жағдайда Агенттік моральдық шығынды қайтару туралы талап қоя отырып сотқа абыройы мен іскерлік беделін қорғау туралы шағыммен сотқа жүгінбек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті