Тергеу материалдары көрсеткендей, 2013 жылдың ақпанынан сол жылдың қараша айына дейін «Көкшетау Мұнай Компани» ЖШС директоры жұмсап жіберу тәсілімен «ПНХЗ» АҚ -нан АИ-80 маркалы бензинін 2000 тоннадан астам көлемде сақтау үшін жалпы сомасы 241 млн. теңгені жымқырған.
Осылайша, ЖШС директоры ҚР ҚК 176-бабы 4-тармағының «б» тармақшасымен көзделген біреудің сеніп тапсырылған мүлкін иемденіп немесе жойып жіберді деген күдікпен жауапқа тартылып отыр, делінген Ақмола облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.