Қаржы полициясы қызметкерін өлтірген адамның фотороботы таратылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы қызметкерін өлтірген адамның фотороботы таратылды

Қаржы полициясы қызметкерін өлтірген адамның фотороботы таратылды

Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті қаржы полициясы басшысының орынбасарын атып өлтірген адамның фотороботын таратты. 

  • 26 Желтоқсан 2013
  • 286
Фото - Caravan.kz


«Юбилейное көшесінде жасалған қастандыққа күдікті ретінде еуропалық келбеттегі азамат іздестірілуде. Оның жасы 25-30 аралығында болуы мүмкін. Бойы шамамен 175 сантиметр. Дене бітімі арықтау келген. Қылмыс жасаған күні көк-қара түсті спорттық бас киім, мамықтан жасалған (пуховик) сырт киім киген», — делінген облыстық ІІД таратқан хабарламада.
 
Полиция кез келген ақпарат бойынша мына телефондарға қоңырау шалуды өтінеді: 8 (7152) 39-40-07, 39-40-37, 39-48-07, 61-20-02  немесе 102.
 
Естеріңізге сала кетейік, қаржы полициясы басшысының орынбасары Жандос Ахметовті өз үйінің подъезінде атып кеткен еді. Тергеу барысын ішкі істер вице-министрі Марат Демеуов жеке бақылауына алды. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздестірілуде, деп хабарлайды "Қазақстан" ұлттық арнасы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.