"Қаржыландыратын сияқты": Сазгер Айгүл Бажанова орамалдағы әншілер туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қаржыландыратын сияқты": Сазгер Айгүл Бажанова орамалдағы әншілер туралы айтты

"Қаржыландыратын сияқты": Сазгер Айгүл Бажанова орамалдағы әншілер туралы айтты

Сазгер Айгүл Бажанова орамалдағы әншілер туралы, олардың аяқ асты психологияға жақын болып кеткені туралы айтты.

  • 8 Ақпан
  • 701
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бұлардың бәріне не болған?

Біздің сонша жасқа келсек те біреуге ақыл айтпақ түгілі, өзімізбен күресуге шама-шарқымыз жетпей жатады. Бұларды бір жылдың ішінде психолог қылып жіберетін қандай күш деген ой келмей ма ешкімге???

Неге қарапайым әйел психолог бола қоймайды оранып?

Неге именно өте белгілі, оқырманы көп жұлдыздар???

Просто мен от Кәмшатты жақсы көретін едім.

Бекболатты да, жыршы кезінде қатты жақсы көретінмін. Не болды ал", — деп жазды сазгер.

"Танымалдылығын, подписчиктерінің көптігін ақша табуға пайдаланып жатыр. Бұларды әулие көретіндер көп" — деп жазған оқырманның пікіріне сазгер "қаржыландыратын сияқты", — деп жауап берді.

Соңғы жаңалықтар