Олардың айтуынша, базада жұмыс істейтін 335 жұмысшының NCOC NV (North Caspian Operating Company N.V.) компаниясының бұрынғы мердігері COSMI ("Caspian Oil Services Management Incorporation Kazakhstan") мекемесімен еңбек келісім шарты мамырдың 31-інде аяқталуы тиіс.
"Локальный профсоюз Тупкараган" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сайлау Бастаевтың мәлімдеуінше, маусымның 1-інен бастап жұмысқа кірісуге тиісті келесі мердігер НСС ("НефтСтройСервис Лтд") мекемeсі жұмысшыларға 53 адамның қысқартылып әрі еңбекақының азайтылатыны туралы хабарлаған.
Форт-Шевченко қаласындағы Баутино теңіз портындағы жұмысшылардың дені порт негізі қаланғаннан бастап жұмыс істеп келе жатқан мамандар. Солардың бірі Мұхаметжан Дәрібаев Баутино теңіз базасында 2004 жылдан бері шебер болып жұмыс істейді. Ол бес жыл сайын тендер өтіп, мердігерлікке жаңа мекеме келген кезде ешқандай қысқартусыз, өзгеріссіз келесі мердігер компанияға өтіп келе жатқандарын айтады.
— Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Мердігер компания жаңа болғанымен, біздің атқаратын жұмысымызда өзгеріс жоқ. Ендеше неге NCOC-тың биылғы мердігері НСС бізге сынақ мерзімін қойып әрі жұмысшыларды қысқартпақ? Өз позициясында 10-15 жылдан бері жасап келе жатқан әр жұмысшы кәсіби маман емес пе? — деп сауал тастайды ол.
Кәсіподақ төрағасы Сайлау Бастаев жұмысшылардың жаңа мердігер