Жарияланды: 580

Қашағанды игеру жобасы қоршаған ортаға жойқын техногендік әсерін тигізеді - экологтар

Алматы. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Agip KCO консорциумы жасап шығарған Қашағанды игеру жобасы қоршаған ортаға жойқын техногендік әсерін тигізеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатының барысында "Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау қоғамы" атты қоғамдық бірлестік пен "Табиғат", "Глобус", "Каспий табиғаты", "Таң" секілді бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Аты аталған экологиялық ұйымдардың бірлескен хабарламасында өткен жылдың 7 тамызында "Қашаған кен орнын игерудің келесі кезеңдері үшін жоспарланған мәселелер туралы декларация. Мұнайды дайындауды жер үстінде орнату үшін таңдалатын аумақ" атты қоғамдық тыңдау өткен. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес "Қазақ табиғат қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі декларация материалдарының қоғамдық экологиялық сараптамасын жасаған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть