Қашықтан оқыту. Польша қазақстандық оқушылар үшін ноутбуктер жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашықтан оқыту. Польша қазақстандық оқушылар үшін ноутбуктер жіберді

Қашықтан оқыту. Польша қазақстандық оқушылар үшін ноутбуктер жіберді

Коронавируспен күрес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық қағидасын нығайтуда. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

  • 13 Сәуiр 2020
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бүгін Польшадан отандық "SCAT" әуекомпаниясының чартерлік рейсімен елімізге "Wipasz" поляк компаниясы өндіретін көп мәрте қолданылатын медициналық маскаларын (100 мың дана), сондай-ақ князь Любомирский Қорының қазақстандық оқушыларды қашықтан оқыту үшін сыйға берген компьютерлерін (ноутбуктерін) қамтыған гуманитарлық жүктің кезекті партиясы келді. Поляк елінің Қазақстан үшін жасаған шынайы достық ықыласы COVID-19 пандемиясымен күрестегі жаһандық ынтымақтастықтың көрнекті үлгісі — делінген хабарламада.

Белгілі болатындай, 2020 жылғы 17 наурыз-12 сәуір аралығында Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-нен гуманитарлық көмек келіп түскен. Бұған қоса, қытайлық дәрігерлер Қазақстанға өздерінің тәжірибелерімен бөлісуге келсе, ал Израиль, Оңтүстік Корея және Жапониялық дәрігерлер коронавируспен күресу бойынша қазақстандық әріптестерімен онлайн режимде тәжірибе алмасты.