"Қазақстанға, оңтүстік астанаға Қасиетті ананың православиелік Феодоровская иконасы әкелінеді. Ол 4-6 наурыз күндері осында болады. Қасиетті икона Кострома қаласынан жеткізілмек, иконаның онда болғандығына сегіз жүз жылдай уақыт болды”, деді жұмада “Интерфакс-Қазақстан” агенттігінің баспасөз орталығында баспасөз мәлихатында Астаналық және Алматылық митрополит Александр.
Митрополит атап өткендей, Феодоровская иконасын правсолавиелік халық дәстүрлі түрде құрметтейді, ол отбасының берекесін қолдап, бала туу мен тәрбиелеуге, қиналып босанатындарға көмек ететін иконоға саналады, оның алдында дұға жасағандар бедеуліктен арылады, деген сенім бар.