Қасиетті Мұхаррам айы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасиетті Мұхаррам айы басталды

Қасиетті Мұхаррам айы басталды

Кеше, яғни, қараша айының 4-і күні Хижра жыл санауы бойынша жаңа жылдың алғашқы күнін білдіретін мұсылманша мұхаррам айының алғашқы күні кірді. Мұсылманша жыл қайыру Пайғамбарлар падишасы Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын!) және сахабаларының Мекке шаһарынан Мәдина қаласына қоныс аударған сәтінен бастау алады. Бұл қазіргі қолданыстағы григориан күнтізбесі бойынша 622-ші жылға сәйкес келеді.

  • 5 Қараша 2013
  • 496
Фото - Caravan.kz


Мұсылманша күнтізбедегі алғашқы ай болып саналатын мұхаррам айы соғыс пен жауласуға тыйым салынған төрт айдың бірі болып табылады. Мұхаррам айының мәні мен маңызы қасиетті Құран мен хадистерде айтылған. Сол себепті, әр мұсылман бұл айда Жаратқан иеге барынша жақындап, разылығын алу үшін көп құлшылық етуі тиіс. Имам Ғазали «Ихья» деп аталатын еңбегінде мұхаррам айын ғибадатпен өткізген адамның жыл бойы берекеге кенелетінін жазып кеткен.

Мүслимнен жеткен сахих хадисте былай айтылған: «Рамазаннан кейін ең құнды ораза мухаррам айында тұтылған ораза болып табылады». Табараниден жеткен өзге хадисте: «Мұхаррам айында бір күн ораза ұстаған жан 30 күн ораза тұтқандай сауап алады» деп айтылған. Ал, тағы бір хадисте мұхаррам айының бейсенбі, жұма және жексенбі күндері ораза ұстаған адамның дәрежесі көтеріліп, мол сауапқа кенелетіні сөз болған. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.