Жарияланды: 50

Қаскелеңде жолды кесіп өтпек болған қызды екі көлік қағып кетті

Қаскелеңде жолды кесіп өтпек болған қызды екі көлік қағып кетті

Қаскелеңде 17 жастағы қызды екі көлік қағып кетті. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы kaskelenkz парақшасында жарияланған видеоға сілтеме жасап хабарлайды. Видеода Қаскелең қаласында Сүлейман Демирел университеті маңындағы Абылай хан көшесінде болған жол апаты туралы айтылған.

Видеода зардап шеккен қыз бен жедел жәрдем көрсетілген. Алматы облысының полициясы 20 қарашада сағат 20:30-да Mitsubishi көлігін жүргізген 58 жастағы адамның рұқсатсыз жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу адамды қағып кеткенін хабарлады.

«Соққыдан жаяу адам қарсы жолаққа ұшып кеткен. Одан кейін оны басқа «Mercedes-Benz» көлігі қаққан. Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған 17 жастағы қыз Қаскелең қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды», –  делінген полицияның хабарламасында.

Оқиғаға байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі «Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адам денсаулығына зиян келтiрiп жол қозғалысы ережелерiн бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін