Қасымов ІІО үздік қызметкерлерін марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасымов ІІО үздік қызметкерлерін марапаттады

Қасымов ІІО үздік қызметкерлерін марапаттады

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ішкі істер органдарының үздік қызметкерлерін марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Мамыр 2017
  • 400
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекесін атап өту аясында "Алатау" спорт кешенінің алдында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлер әскери қызметшілеріне арналған Монументке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Монументке гүл шоқтарын қою рәсіміне министрліктің және орталық аппарат қызметтерінің басшылары, ардагерлер, ішкі істер органдары мен ішкі әскерлер ардагерлері, шақырылған қонақтар қатысты. Монументке гүл шоқтарын қою рәсімі аяқталғаннан кейін шараға қатысушылар қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған ішкі істер органдары мен ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің рухына арнап бір минуттық үнсіздік жариялады.

Сондай-ақ, ІІМ-нің клубында салтанатты жиналыс өтіп, онда министр Қасымов ІІО қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі. Ішкі істер органдарының 30 қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Министрдің мерекелік бұйрығымен ішкі істер органдарының бірқатар қызметкерлері "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен және "ІІО үздігі" омырау белгісімен, сонымен қатар құрмет грамоталарымен марапатталды.


Сонымен қатар Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін орталық аппараттың және аумақтық бөліністердің 637 қызметкері марапатталды.
 

Соңғы жаңалықтар