"Қателік жасадым": Өзге әйелмен шетелде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен имам табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қателік жасадым": Өзге әйелмен шетелде жұмбақ жағдайда  жоғалып кеткен имам табылды

"Қателік жасадым": Өзге әйелмен шетелде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен имам табылды

Өзге елге жұмысқа кетіп, жоғалған имам табылды. 

  • 5 Маусым 2023
  • 687
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Көреміз" бағдарламысына сілтеме жасап хабарлайды. 

Отбасын асырау мақсатында шетелге жұмысқа аттанған Нұржан Манапбаев бағдарламаның атсалысуымен елге оралды.

Нұржан Манапбаев болған жайтты баяндады:

Түркия елінде екі ай болдым. Түрік тілінен ағылшын тіліне аудармашы болып жұмыс жасадым. Кейін, Австрияға алып кетті. Ол жерде жұмыс өте ауыр. Айлығы екі жарым миллион деп кеткен болатынмын. Осы жақтан алып кетер кезде солай келіскенбіз. Бірақ, барған соң осы жақтан алып кеткен адам ол жаққа барған соң. мүлдем басқаша өзгеріп шыға келді. Танымай қалдым. Айлықты аванс ретінде бөліп берді. Күш болсын деп  долларға жұмыртқа алып жеп жүрдім. Қалған ақшамның бәрін тек елге аман-есен оралсам болды деп жинадым. 

Жұмыста жұмысшыларға киімдер жетпегендіктен, тағы темір құралдар жетпегендіктен қажетті заттарды алу мақсатымен мені жұмсады. Құжатымды алу мүмкіндігі сол кезде болды. Оған дейін барлық құжат сол жұмыс берішілердің қолында болатын. Сыртқа кіріп шығу жоқ. Ол жер үлкен қоршауда. Сол жқмысқа разы болғандар жұмыс жасауда. Бұл менің істейтін жұмысым емес деп қасымдағы төрт қазаққа қайту жайлы айтқанымда, олар қалғысы келетіндерін айтты. Сонымен,тек өзім қайтуды көздеп жүргенмін. Сол кезде миграциядан сізді іздеп жатыр деп хабарласты. Поселствадан хабарласты деп айтты. Мейірман аға іздеген екен. Содан автобустан астобусқа, самолеттен самолетке мініп елге ұшып келдік. 

Айсұлу есімді әйел осы елде жүргенде заказ әкелетін еді. Мен онымен одан артық байланысым жоқ,
деп өзге әйелмен байланысы жоғын айтты 

Мейірман Шекеев пен бағдарламаға шексіз алғысын білдірген отбасы қуаныштан көздеріне жас алды. 

Өзге елде жұмыс жасағанша, өз елімде қара суын ішіп, аз болса да жалақыма береке берсін деп, өз еліңде жүргенеге жетпейді, деп көпшілікке өз ақылын айтты Нұржан Манапбаев. 

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысы мешіттерінің бірінде бас имам болған азамат шетелге басқа әйелмен аттанып, жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар