«Қатты аяз, көктайғақ»: Қазгидромет ескерту жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қатты аяз, көктайғақ»: Қазгидромет ескерту жариялады

«Қатты аяз, көктайғақ»: Қазгидромет ескерту жариялады

Қостанай облысының шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.

  • 10 Қаңтар 2023
  • 32
Фото - Caravan.kz

Қазгидромет 10 қаңтарда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады,-деп хабарлайды Caravan.kz порталы Sn.kz -ке сілтеме жасап.

Жетісу облысында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында 35 градус қатты аяз болады.

Атырау облысының солтүстігінде 30 градус аяз күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде 35-36 градус қатты аяз болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың таулы аудандарында бұрқасын соғады.

Шымкент қаласында қалың қар, тұман, көктайғақ болады.


Қостанай облысының шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Алматы қаласында 10 қаңтарда таңертең және күндіз кей уақытта қатты қар жауады. Кей уақытта тұман, көктайғақ болжанады.

10-11 қаңтарда Маңғыстау облысында 25 градус аяз күтіледі.