Қатты жел салдарынан Алматы облысындағы бірқатар кенттерде ғимараттардың шатырлары бүлінді, шығын көлемі 17,2 млн теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қатты жел салдарынан Алматы облысындағы бірқатар кенттерде ғимараттардың шатырлары бүлінді, шығын көлемі 17,2 млн теңгені құрады

Қатты жел салдарынан Алматы облысындағы бірқатар кенттерде ғимараттардың шатырлары бүлінді, шығын көлемі 17,2 млн теңгені құрады

Астана. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қатты жел салдарынан Алматы облысындағы бірқатар кенттерде ғимараттардың шатырлары бүлінді, шығын көлемі 17,2 млн теңгені құрады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Шiлде 2008
  • 554
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, «Алматы облысында 15 шілдеде сағат 23.00-де Еңбекшіқазақ ауданының аумағында жылдамдығы 20 м/с жеткен қатты жел салдарынан мынадай ауылдарда ғимараттардың шатыры зақымданды : Нұрлы ауылындағы орта мектеп — 500 шаршы метр; Ғайрат, орта мектеп — 600 шаршы метр; Ассаға, орта мектеп — 150 шаршы метр; Қызыл шорын, орта мектеп — 300 шаршы метр; Қаракемер , мәдени-тұрмыстық ғимарат — 300 шаршы метр; мәдени-тұрмыстық ғимарат — 120 шаршы метр; Шелек, 6 орта мектеп — жалпы аумағы 735 шаршы метр; АТС ғимараты — 85 шаршы метр; сондай-ақ, кейбір ғимараттарда терезе әйнектері сынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті