"Қатыгездікпен күш қолданған". Алматы қаласы әкімдігін басып алуға қатысты деген күдіктілер қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қатыгездікпен күш қолданған". Алматы қаласы әкімдігін басып алуға қатысты деген күдіктілер қолға түсті

"Қатыгездікпен күш қолданған". Алматы қаласы әкімдігін басып алуға қатысты деген күдіктілер қолға түсті

 

  • 15 Ақпан 2022
  • 44
Фото - Caravan.kz

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қала әкімдігі ғимаратын басып алуға қатысты деген күдіктілер ұсталды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура мәліметінше, қаңтардағы лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктерге қатысты тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Жекелеген эпизодтар бойынша қылмыстарға қатысы бар күдіктілер анықталып, ұсталған.

"2022 жылғы 5 қаңтарға қараған түні Алматыда қала әкімдігі ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетел азаматы анықталды.

Олар ғимаратты қорғап жүрген Мамандандырылған күзет қызметінің қарусыз қызметкерлеріне қарсы қатыгездікпен күш қолданған. Олар полицейлерден құралдарын (қалқандар, таяқшалар) тартып алып, ұрып-соққан", — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қылмыскерлердің жеке басы бейнематериалдарды сәйкестендіру нәтижесінде анықталған.

"1 ақпанда сот санкциясы бойынша, күдіктілер қамауға алынды. Олардың қылмыстық әрекеттері Қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-бөлігі ("Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу"), 380-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары ("Билік өкіліне күш қолдану") бойынша сараланды", — делінген хабарламада.


Сондай-ақ, хабарламада 2022 жылғы 6 қаңтарда қылмыскерлер телеэфир ұйымдастыру мақсатында "Көк төбе" телемұнарасын басып алуды жоспарлағаны көрсетілген. Ведомство мәліметіне сүйенсек, осы мақсатта күдіктілер бейбіт тұрғындарды бірлесіп қылмыс жасауға үгіттеген және олардың өміріне қауіп төндірген.

"1992 жылы туған азамат бас тартқан соң қылмыскерлер оған мылтықпен екі рет оқ атқан, нәтижесінде жәбірленуші қолынан және жыныс мүшелері тұсынан жарақат алған. Қылмыстың ұйымдастырушысы ұсталды, ол бұрын сотталған 1983 жылы туған Алматы қаласы маңының тұрғыны болып шықты. Ол 25 қаңтарда сот санкциясы бойынша қамауға алынды", — делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар