"Қауіпсіз жол" іс-шарасы барысында ҚР аумағында 65 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзудың жолы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қауіпсіз жол" іс-шарасы барысында ҚР аумағында 65 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзудың жолы кесілді

"Қауіпсіз жол" іс-шарасы барысында ҚР аумағында 65 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзудың жолы кесілді

Астана. 16-қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 8- 14 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің пол полициясының қызметкерлері 65 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзудың жолын кесіп, 4 мыңға жуық мас жүргізушілерді ұсатаған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің пол полициясы комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Қазан 2007
  • 642
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, іс-шара барысында жылдамдық режимін бұзған 15247 дерек, көлікті құжатсыз басқарған 8128 дерек, мемлекеттік көлік жүргізушілерінің дөрекі заң бұзушылықтарға жол берген 1622 дерек, жолаушылар көлігінің жолушылары тарапынна 4144 заң бұзу дерегі анықталған.

Апат жағдайларын тұрақтанудыру мақсатында жол полициясының қызметкерлері «Ашық есік күндерін», «Өзара түсіністік күндерін» өткізген, оған ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғам өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және көлік ұйымдарының өкілдері шақырылған, деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, халықта жолда жүру мәдениеттілігіне тәрблиелеу, білім беру және хабардар ету мақсатында 127 мың дана мыңға жуық үндеухаттар басылып шығарылан. Олар жүргізушілер арасында таратылды. Көше және жол бойларына 845 плакаттар мен апат жағдайы туралы ақпараттар бейнеленген панно орнатылған, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, полицейлер жолдарда балалардың жарақаттануының алдын алу үшін мектептерге барып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы 5 мыңнан астам лекция оқыған. Сондай-ақ мектеп оқушыларна арнап әртүрлі 646 байқаулар мен викториналар өткізіліп, онда балалар жол қозғалысының ережесі бойынша өздерінің білімдерін көрсетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті