Оның мақсаты – қой шаруашылығын дамытып, аймақтағы шикізат өңдеуші кәсіпорындардың сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
Холдинг баспасөз қызметінің хабарлауынша, осындай кәсіпорындардың бірі «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС.
Қазір онда қой жүнін тазартып өңдеу желісі іске қосылған. «Фабрикадағы өндіріс алаңы мен технологиялық база жылына 10 мың тоннаға жуық жүн өңдеуге мүмкіндік береді. Өндіріс ошағында 250 адам жұмыс істейді. Алайда шикізат тапшылығы компанияның өндіріс қуатын арттыруына мүмкіндік бермей отыр», — делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда фабрика Италияға 50 тоннадан астам жартылай фабрикат экспорттады. Кәсіпорын директоры Болат Момышевтың айтуынша, шетелдік импорттаушы кәсіпорындар биыл тағы 500 тонна өнімді сатып алуға ниет білдіріп отырған көрінеді.