Қазалыда медициналық қалдықтарды ауыл іргесіне лақтырғандарға іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазалыда медициналық қалдықтарды ауыл іргесіне лақтырғандарға іздеу жарияланды

Қазалыда медициналық қалдықтарды ауыл іргесіне лақтырғандарға іздеу жарияланды

Қызылорда облысында қоршаған ортаға қауіп төнді. Қазалы ауданында медициналық қалдықтарды лақтырып тастаған. Негізі қатерлі індеттерді емдеуге пайдаланылған бұл препараттар пеште өртелуі керек. Жұрт енді ауру тарай ма деген үреймен отыр. Өйткені қалдық үйілген жер тура ауыл іргесі. Әрі төрт-түліктің жайылымы. Медициналық қалдықтардың қай ауруханаға тиесілі екенін қазір құзырлы орындар анықтап жатыр.

  • 21 Ақпан 2015
  • 386
Фото - Caravan.kz

Мұнда медициналық қалдықтар кәдімгідей шашылып жатыр. Кей жерлерінде үйіліп те қалған. Елді мекеннен таяқ тастам жерден табылған бұл қоқыстардан түрлі зиянды химиялық заттар бөлінеді деп дабуыл қағуда экологтар. Егізі олар арнайы пеште өртеліп жойылуы керек екен.

Ыбырайхан Мұсабаев, эколог:

— Қауіп өте үлкен, инфекциялық аурулардың, жұқпалы аурулардың таралуына, туберкулездің таралуына әкеп соқтарады. Суға тасталыпжатуы да мүмкін.

Суға тасталса, қауіптің көкесі сонда болғалы тұр. Өйткені ауыл ауыз суды құдықтан алып ішеді. Оның үстіне, төрт түлік те осы маңдағы жалғыз өзеннен шөл басады екен. Ауаға тарап жатқаны өз алдына. Сондықтан мамандар індет тарап кете ме деген қауіппен отыр. Десе де үйілген қалдықтар қазір шетінен өртелуде.


Ермек Қилыбаев, Қазалы ауданы прокурорының аға көмекшісі:

— Тексеру барысында Қарашеңгел ауылдық округіне қарасты Жалаңтөс батыр ауылында көзі жоюға жататын медициналық, тұрмыстық қатты қалдықтар тасталғаны анықталды. Қазіргі таңда анықталған заң бұзушылықтарға орай аудандық прокуратурамен прокурорлық ықпал ету актісі енгізілді.

Медициналық қалдықтарды қай емхананың тастағаны әзірге белгісіз. Аудандық прокуратура мұны анықтау үшін табылған қалдықтардың таңбасын облыстық денсаулық сақтау басқармасына жөнелтті. Егер кінәлілер анықталса, жазасыз кетпейді деп сендірді құзырлы органдар. Тіпті, қауіпсіздік ережесін өрескел бұзған аурухана лицензиясынан айырылуы ғажап емес.