Оның атап өтуінше, Украина ЕҚЫҰ-ға төрағалығында бұған дейін 2010 жылы Қазақстан негізін салып кеткен дәстүр мен идеяны одан әрі жалғастырып келеді.
«Қазіргі уақытта қазан айында өтетін біздің Сыртқы істер министріміз, ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасының Қазақстанға сапары өте маңызды екендігі сөзсіз. Онда біз бейбітшілік, қарусыздану, экономикалық даму үшін жалпыеуропалық қозғалысты дамыту бойынша қосымша шараларды талқылап белгілей алатын боламыз», — деді О.Демин.
Сөз соңында Елші Украинаның саяси, гуманитарлық бастамаларына қолдау білдірген Қазақстанға ризашылығын танытты.
Айта кетейік, елімізде тура 3 жыл Украинаның Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған Олег Демин бұл жұмысын енді Қытай Халық Республикасында жалғастырмақ.