Қазан айында отандық кинотеатрлардан көрсетілетін фильмдер - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазан айында отандық кинотеатрлардан көрсетілетін фильмдер

Қазан айында отандық кинотеатрлардан көрсетілетін фильмдер

Caravan.kz медиа порталы қазан айында отандық кинотеатрлардан көрсетілетін фильмдерді назарларыңызға ұсынады.

  • 24 Қыркүйек 2019
  • 23
Фото - Caravan.kz

Мен сені сүйемін

Басты рөлдерде: Жандос Айбасов пен Сара Амангелді

Фильм сипаттамасы: Сара — жас, талантты әнші. Анасы Жаннаның қатаң бұйрықтары мен толық бақылауында өмір сүреді. Сара концерттен кейін, ережесіз жекпе-жек спортшысы Бекпен кезігіп қалады. Спортшы жігіт пен әнші ару бір-біріне ғашық болып қалады. Бұл қарым-қатынас әнші қыздың анасы Жаннаға ұнамайды, Бекті ол күйеу баласы ретінде көре алмайды. Жанна екі жұпты айыру үшін қолынан келгеннің барлығын жасайды.

Фильм қазан айының 10-шы жұлдызынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

Малефисента: Қараңғылық ханымы

Басты рөлде: Анджелина Джоли

Фильм режиссері: Хоаким Роннинг

Фильм сипаттамасы: Фильм желісі  Малефисента Аврора ханшайымға жамандық жасағаннан кейінгі өмірді суреттейді. Фильм болашақ ханшайым мен қара перінің ара-қатынасын көрсетеді. Фильмде күрделі қарым-қатынас, сиқырлы орман және магиялық сиқыр көрсетіледі.

Фильм отандық кинотеатрлардан 17 қазаннан бастап көрсетілетін болады.

Мәтін

Фильмнің басты кейіпкері — Иван Горюнов. Ол жалған айыптаумен 7 жыл темір тордың ар жағында өмір сүреді. Еркіндікке оралған Иван, бұрынғы шақты қайтарып ала алмайтынын түсінеді. Бірақ ол өзін абақтыға қаматқан адамнан кек алуды көздейді.


Ресейлік фильм отандық кинотеатрлардан 17 қазаннан бастап көрсетілетін болады.

Джокер

Готэм, 1980 жылдардың басы. Комик Артур Флек науқас анасымен бірге тұрады, анасы оған әрдайым күліп жүр деп үйретеді. Адамдарға қуаныш сыйлауға тырысатын Артур адамдардың қатыгездігіне тап болады. Көп ойлана келе ол мен көңілді комик емес, зұлым Джокер болуым керек деген шешімге келеді.

Фильм режиссері: Тодд Филлипс

Басты рөлде: Роберт Де Ниро

Фильм елімізде 3 қазаннан бастап көрсетілетін болады.

Олар

Қасиетті күннің қарсаңында барлық студенттер, бұл күннің қызықты өтуі үшін елес бар аттракционға ататанды. Олар ойлаған қызық тек қана қорқынышты емес әрі өлімге алып келетін жағдай екенін кейін түсінеді.

Фильмнің режиссерлері: Скотт Бек пен Брайан Вудс

Басты рөлдерде: Кэти Стивенс, Уилл Бриттейн, Лорин Алиса МакКлейн

Фильмді қазақстандықтар 3 қазаннан бастап тамашалайтын болады.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар