Қазан қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың атына көше берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазан қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың атына көше берілді

Қазан қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың атына көше берілді

Қазан қаласының басшылығы шаһардағы Эсперанто көшесінің атын «Нұрсұлтан Назарбаев көшесі» қылып ауыстырды, деп хабарлады ProKazan.ru.

  • 30 Маусым 2015
  • 307
Фото - Caravan.kz

Қазір аталған көшедегі мекен-жай жазылған тақтайшалар ауыстырылып жатыр.

«Татарстан Республикасының қазақ ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы С. Жақсыбаевтың Қазанның көшелерінің біріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін беру туралы өтініші қарастырылған соң Қазан муниципалдық топонимика бойынша комиссиясының ұсынысын ескеріп, Вахитов және Приволжский аудандарының аумағындағы Эсперанто көшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру шешімі қабылданды», — деп хабарлады порталға қаланың атқарушы комитетінен.  

Мэрияда түсіндіргендей, қазіргі уақытта дайындау жұмыстары, соның ішінде мекен-жай атрибутикаларын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Еске сала кетейік, Қазан қаласының көшелерінің бірін Назарбаев есімін беру туралы әңгімелер бір апта бұрын айтыла бастаған. 
null