Қазақ келіні той үстінде балалардың көзінше cоққыға жығылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ келіні той үстінде балалардың көзінше cоққыға жығылды

Қазақ келіні той үстінде балалардың көзінше cоққыға жығылды

Күйеуіне, туған туысқандарына жақпай қалған келіншекті дастархан үстінде соққыға жықты. Ең сорақысы, бұның бәрі кішкентай балалардың көзінше болған.

Шашынан сүйр

  • 15 Тамыз 2017
  • 591
Фото - Caravan.kz

Шашынан сүйреліп, соққыға жығылған келін енді өзіне келу үшін ұзақ уақыт бойы психологтарға қаралуы тиіс. Алайда, бұл жағдай бірінші және соңғы да емес. Статистикалық мәліметтерді былай қойғанда, өмірде мұндай сұмдық оқиғалар толып жатыр.

Неге біздің қыздарымыз оларды жұртқа жария етпейді? Жауап анық. Өйткені, әр қазақстандық келін өзінің жеке қайғысы мен дене жарақаттары арқылы ұпай жинап, «атың шықпаса, жер өрте» деп бәлсінетін Баян Есентаевалар емес. Көп әйелдер амалсыздан іштен тынады. 

Отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге арналған «Arasha» үйі осындай өкінішті жағдаяттарды басынан өткерген келіншектерімізге белсенді түрде көмектесуде.

Жақында ғана, осы аталған орталықққа 18 жыл бойы отбасыңда бақытты ғұмыр кешкен келіншек келген екен. Осыншама жылдан соң, қандай ғана себеп оны алып келуі мүмкін, деген сұрақ бізді де мазалайды. Сөйтсе, сол баяғы қазағымыздың тойында күйеуі ағасымен бірлесіп әйелін соққыға жыққан екен. Ақыры оны қорлағандар «Arasha-ның» көмегі арқылы жауапқа тартылды. Нәтижесінде әйелінен кешірім сұрап, өзі артынан жүгіріп жүр деседі.

От басы, ошақ қасындағы даулар сол жерде қалуы тиіс деген бейресми "дәстүріміз" бар. Алайда, адам денсаулығына, керек десеңіз, өміріне қатер төнген жағдайда, сұрапыл «отбасылық қылмыскер» жазаға тартылуы тиіс. Біз тек осылай ғана кейде отбасында қайғылы аяқталып жататын ұрыс-керістің азаюына үлесімізді қоса аламыз.


Соңғы жаңалықтар