Қазақ киносының негізін салған майталманның мерейтойы атап өтіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ киносының негізін салған майталманның мерейтойы атап өтіледі

Қазақ киносының негізін салған майталманның мерейтойы атап өтіледі

Шәкен Аймановтың 100 жылдығы ел көлемінде атап өтілмек. Актер, дарынды режиссер көрерменге «Алдар көсе», «Тақиялы періште», «Атаманның ақыры» сияқты қазақ киносының классикасын сыйлады. Тау тұлғаның ғұмыры қысқа болғанымен, артында өшпес туындылары қалды. Кино тарихында есімі алтын әріппен жазылып қалған Айманов жайында тілшіміз Елгүл Нұғман тарқатады.

  • 15 Ақпан 2014
  • 423
Фото - Caravan.kz

Қазақтың әйгілі актері, режиссер Шәкен Айманов 1914 жылдың 15 ақпанында Баянауылда дүниеге келген. Ұлттық киноға тың серпін берген осы тұлға. Оның қай фильмін де көрермен қайталап көруден жалыққан емес.

-Омаров Тайлақ. 28-демін, қазақ, байдақ. Жоғары білімді оқытушы. 

Көпшіліктің көзайымына айналған «Тақиялы періште», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» туындыларының барлығы ұлттық нақышта. Әмбебап маман картинаны кадр сыртында бақылап қана қоймай, атақты «Алдар Көсе» комедиясында басты ролді сомдады. Байларды әжуалап, кедейлерге дем берді.

-Мен Алдармын, Алдармын! Сақалымды талдармын…

Дарынды тұлғаның ғұмыры қысқа болғанымен, артында өшпес туындылары қалды. Кинода халықты күлдірген әзілқой актер, өмірде де ақкөңіл, жақынынан жақсылығын аямаған жан. Жұбайы Хадиша Жиенқұлованың есімі де елгелі белгілі актриса. Осы жұлдызды жұптың артында жалғыз ұл қалған болатын. Мұрат та қазір бұл өмірде жоқ. 


Ирина Айманова, келіні :

–Мені Мұрат дос болып жүргенімізде әкесімен таныстырған болатын Кейіннен біз Шәкен Кенжетайұлы өмірден өткеннен кейін отау құрдық. Оған деген халықтың сүйіспеншілігі ерекше. Шәкен Айманов қайтыс болғанда қаланың оталығындағы үйінен Райымбек даңғылының бойындағы зиратқа мәйітін жаяу апарып жерлеген. Сол көпшіліктің ортасында Дінмұхаммед Қонаев та болған.

Келіні қазір мектепте мұғалім. Ал жалғыз немересі Дина атасының жолын қуып, өнер жолында жүр екен.Ән айтады.  

Дина Айманова, немересі :

–Шәкен Аймановтың өзіндік табиғи даусы болған. Оның даусының табиғилығы сонша арнайы кәсіби қойылған дауыспен сәйкес келмейді. Атамыздың халқына деген сүйіспеншілігін, ұлтына деген махаббатын даусынан-ақ аңғаруға болады.