“Қазақ неге юпитерді "есекқырған" деп атаған?": Жанат Бақыт планеталар туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қазақ неге юпитерді "есекқырған" деп атаған?": Жанат Бақыт планеталар туралы айтты

“Қазақ неге юпитерді "есекқырған" деп атаған?": Жанат Бақыт планеталар туралы айтты

Журналист Жанат Бақыттың жасаған мәлімдемелері елді біраз шулатып, арты дауға ұласқан еді. 

  • 7 Қыркүйек 2023
  • 162
Фото - Caravan.kz

Ол жаратушымен, рухтармен "тілдесетінін" жиі айтады. Енді парақшасында оқырмандарына планеталарға қатысты ақпаратпен бөліскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Айтуынша, гей мен лезбилер Марста пайда болған-мыс. 

Сондай-ақ ол Юпитер планетасын қазақ неге "Есекқырған" деп атағанын жеткізген. 

"Ертеде аспаннан тосыннан бір жарық жұлдыз пайда болып, жарықтығы сонша жер әлемге таңның жарығындай жарқырап жіберсе керек. Сонда түнгі жайылыста жайылып жүрген есектер таңның атқаны екен деп аңырап қоя береді. Бұл дауысты естіген жұрт та таң атқан екен деп орындарынан тұрып есектеріне барса бәрі қырылып қалған екен. Мұны көрген жұрт жарқырап тұрған жұлдыздың кереметіне қайран қалып, оны есте мәңгі сақтау үшін "Есекқырған" жұлдызы деп атаған екен", — деген.

Соңғы жаңалықтар