Қазақ қайда бара жатыр? - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ қайда бара жатыр?

Қазақ қайда бара жатыр?

Бүгін Алматыда Райымжан Мәрсековтің «Қазақ қайда бара жатыр?» деп аталатын кітабының екінші басылымының тұсаукесері өтт

  • 27 Желтоқсан 2013
  • 529
Фото - Caravan.kz

«Кітаптың алғашқы басылымы 2001 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген еді. Енді ол 12 жылдан кейін жаңартылып, толықтырылып қайта шығып отыр. Онда «Сарыарқа» газетін ұйымдастыршылардың бірі және Алаш партиясының белсенді мүшесі болған қазақты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Райымжан Мәрсековтің туындыларыларыман бірге оның қоғамдық-саяси өмір жолдарын ашатын құжаттық материалдар топтастырылған», — дейді құрастырушы, тарих ғылымдарының докторы Светлана Смағұлова.


Оның айтуынша, соңғы кезде табылған және айналымға түспеген деректі құжаттар енген бұл кітапта Р. Мәрсековтің өмірінің кейбір құпия тұстары ашылған. Дегенмен, оның қандай жағдайда қайтыс болғаны әлі күнге дейін белгісіз болып қалып отыр.