Қазақ- қырғыз кеден қызметтері құжаттарды сейф-пакеттерде сақтайтын технологияны бірлесіп қолдану жөнінде келісімге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ- қырғыз кеден қызметтері құжаттарды сейф-пакеттерде сақтайтын технологияны бірлесіп қолдану жөнінде келісімге келді

Қазақ- қырғыз кеден қызметтері құжаттарды сейф-пакеттерде сақтайтын технологияны бірлесіп қолдану жөнінде келісімге келді

Бішкек. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан мен Қазақстан кедендік қызмет басшыларының кездесуі барысында тауар құжаттарын пластикалық сейф-пакеттерге салып сақтауға арналған технологияны бірлесіп пайдалану жөнінде екі жақты хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 20 Ақпан 2008
  • 477
Фото - Caravan.kz

Оның мәліметтері бойынша, бүгінде Қырғызстан Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктесі болып отыр. 2006 жылмен салыстырғанда тауар айналымының көлемі 2007 жылы бір жарым есеге ұлғайды.

Қырғызстан Республикасының мемлекеттік кеден комитетінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, бірінші кезекте кедендік қызмет тауардың қайда жеткізілетінін, олардың құжаттарын жіті бақылауда ұстаулары керек.

«Шекара арқылы тасымалданатын тауарлардың құжаттарын ауыстыруға немесе оны қолдан жасауға жол бермеу үшін осындай сейф-пакеттерді қолданы тәжірибесі енгізіліп отыр. Қазақ кеденшілері тәжірибе жүзінде бұл технологияның тиімділігіне көз жеткізгендіктен, оны қырғыз әріптестеріне ұсынды», -деп атап өтті кеден комитетінің мамандары.

Жапсырылған сейф-пакетті тек кеден қызметкерлері ғана аша алады. Басқа мемлекеттік бақылау органдары сейф пакетті кеден қызметкерінің қатысуымен ғана ашуға құқығы бар. Осындай және тағы да басқа кеңестер көрсетілген ескертпе қағаздарды барлық тауар тасымалдаушыларға кеден қызметкерлері береді.

Қызғызстан территориясында қол қойылған құжат тиісті келісімдерденкейін ғана іс жүзінде қолданылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті