Қазақ шаруалары малдарын қырғыздарға төмендетілген бағамен сатуда - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ шаруалары малдарын қырғыздарға төмендетілген бағамен сатуда

Қазақ шаруалары малдарын қырғыздарға төмендетілген бағамен сатуда

Алматы. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Маусым айының аяғынан бері Қырғызстанда тірі мал мен жылқылар бағаларының күрт төмендегені байқалып отыр. Бағаның құлдырауы шекаралас аудандар мен облыстардағы қазақ шаруалары Қырғызстан жерінде малды төмендетілген бағамен сата бастауынан туындады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Ферғана.ру" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Шiлде 2008
  • 433
Фото - Caravan.kz

Қазақ малшыларын осындай қадамға баруға жағдай итермелеп отыр. Өйткені, аптап ыстық салдарынан Қазақстанның табиғи жайылымдарындағы шөп сарғайып, күйіп кеткен. Мал салмағын жоғалтып, алдағы қыста жұт болу қаупі туындаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті