Қазақ тілді бұқаралық құралдарын ілгерілету және «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша ерекше жоба басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ тілді бұқаралық құралдарын ілгерілету және «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша ерекше жоба басталды

Қазақ тілді бұқаралық құралдарын ілгерілету және «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша ерекше жоба басталды

Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізде инновациялық экономиканың технологияларын дамыту, мемлекеттік сектор мен басқаруды цифрландырумен қатар, осы ауқымды дағдылар қатарын көпшілікке дәріптеу тапсырмасын қойған болатын.

  • 10 Қыркүйек 2018
  • 31
Фото - Caravan.kz

Осы орайда, Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры серіктестігінің қолдауымен қазақ тілді бұқаралық құралдарын ілгерілету және «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша қайырымдылық жобасын жүзеге асырады.

«QDigitalInform»2000-нан астам қатысушыны қамтитын, қазақ тілді бұқаралық құралдарын ілгерілету және «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша еліміздің 7 өңірінде жүзеге асырылатын ерекше жоба.

Жоба а.ж. 12 қыркүйегінде Астана қаласында бастау алады. Шара аясында жастарға, IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздарына, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған оқыту семинары өткізіледі.

Екікүндік семинар мақсаты «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасының қажеттілігін түсіндіру, блокчейн технологиясы мен электронды құжат айналымының жүйесі туралы ақпаратты қазақ тілді аудиторияда дамыту Стратегиясын дәріптеу болып табылады.

Семинардың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Енсебаев, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алексей Анисимов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Басқарушы директорының м.а. Мирас Иргебаев қатысады.

Өткізу уақыты:
2018 жылғы 12-13 қыркүйек, сағат 9:30-да.

Өткізу орны: Астана қаласы, ЭКСПО павильоны, Astana Hub технопарк технопаркі.

  

Қосымша ақпарат:

«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2016 жылдың соңында бастау алды. Оның мақсаты — «Самұрық-Қазына» АҚ тобының кәсіпорындар тобы қатысатын аймақтардағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру.

«Цифрлік Қазақстан» жобасы қазақ тілді бұқаралық құралдарын ілгерілету мен дәріптеуге бағытталған. Жобаның мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері) қатысады.

Бағдарламаның үйлестірушісі — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Қордың бенефициарлары қоғамның әлсіз топтары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, күрделі диагнозы бар балалар, белсенді жастар, спорттық қоғамдастықтар, балалар үйлері, шығармашылық және ғылыми зиялылар.

«QDigital inform» әлеуметтік желілерде:

https://www.instagram.com/fcis.kz/

https://www.facebook.com/fcis.kz

https://fcis.kz/ресми сайт

#QDigitalinform бірегейхэштег

Соңғы жаңалықтар