Қазақ тілі Google-аудармашы жүйесіне енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ тілі Google-аудармашы жүйесіне енгізіледі

Қазақ тілі Google-аудармашы жүйесіне енгізіледі

Қазақ тілі Google-аудармашы жүйесіне енгізіледі. Бұл туралы «WikiBilim» қоғамдық қорының қамқорлық кеңесі төрағасы Рауан Кенжеханұлы мәлім етті.

  • 25 Желтоқсан 2013
  • 708
Фото - Caravan.kz

«Жуырда Google ағылшын тілінен қазақшаға, қазақшадан ағылшыншаға аударатын тест-парақша әзірленгенін мәлімдеді. Енді оны біз, қазақ тілді тұтынушылар белсенді түрде пайдаланып, аудармаға баға беруіміз керек», — деді ол сейсенбі күні президент жанындағы ОКҚ өткен брифингте.

Р.Кенжеханұлының айтуынша, қор осыдан бір жарым жыл бұрын қазақ тілін осы аударма жүйесіне енгізу мәселесін зерттей бастаған. «Біз бұл мәселені Google компаниясының алдына қойдық», — деді ол.


Жобаны жүзеге асыруға Beeline Қазақстан компаниясы да белсенді үлес қосыпты.