Қазақ тіліндегі сұрақтарыңызға 1 жылдың ішінде жауап беремін – Әділет министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ тіліндегі сұрақтарыңызға 1 жылдың ішінде жауап беремін – Әділет министрі

Қазақ тіліндегі сұрақтарыңызға 1 жылдың ішінде жауап беремін – Әділет министрі

Әділет министрі Марат Бекетаев 1 жылдың ішінде қазақ тілінде еркін сөйлеуге уәде берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Бүгін ҚР Парла

  • 4 Мамыр 2017
  • 502
Фото - Caravan.kz

Әділет министрі Марат Бекетаев 1 жылдың ішінде қазақ тілінде еркін сөйлеуге уәде берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Әділет министрі Марат Бекетаев «ҚР-ның кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын алғаш рет таныстырды. Мәжіліс отырысынан кейін басшы журналистердің сұрағына көбінесе орыс тілінде жауап берді.

Осыған шыдай алмаған журналист: «Соңғы сұрақ. Сіз қазақ тілінде еркін сөйлеу үшін сабақ алып жүрсіз бе? Бізге қашан қазақ тілінде толық жауап бересіз?», — деді журналист министрге.

«Сіздердің қазақ тіліндегі сұрақтарыңызға 1 жылдың ішінде жауап беремін. Қазір аптасына 3 рет қазақ тілінен сабақ алып жүрмін. Тырысудамын», — деді Марат Бекетаев тілшінің сауалына.


Сонымен қатар басшы өзінің қазақ тілінен тәжірибесін үнемі жетілдіріп жүргендігін айтып қалды.

«Мен ауылға барған кезде қазақша сөйлеймін. Туыстарыммен қазақша сөйлесемін. Маған қазақша сөйлеген ұнайды», — деп түйіндеді сөзін Марат Бекетаев.

Соңғы жаңалықтар