Қазақ ұлттық университетінің бұрынғы оқытушысы Алматыда қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ ұлттық университетінің бұрынғы оқытушысы Алматыда қолға түсті

Қазақ ұлттық университетінің бұрынғы оқытушысы Алматыда қолға түсті

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің бұрынғы оқытушысы алаяқтықпен айналысты деген күдікпен қамауға алынды. Жанна Атеева студенттерге ақысына сессияда көмектесуге уәде етсе, талапкерлерге «бармақ басты көз қыстымен» оқу гранттарын ұсыныпты. Ал қызметін 300 мыңнан бастап 700 мың теңгеге дейін бағалаған.

  • 23 Тамыз 2013
  • 437
Фото - Caravan.kz


43 жастағы ағылшын тілінің маманы осылайша 4 млн. теңгені қалтаға басқан. Ұстаз бұған дейін де студенттерге жатақханадан орын алып беремін деп ақша алыпты. Ол кезде қылмыстық жауапкершілікке тартылмай, тек жұмысынан қуылған екен. Алайда, арада бірнеше жыл өтсе де алаяқ студенттерді арбауын әлі де тоқтатпай, тағы 9 баланы сан соқтырып отыр. Күдікті таныс әріптестері арқылы ақысына сессия жабуға, кейбіріне тіпті магистратураға түсірем деп уәде қылған. Енді күдіктінің өзі әлдебіреулерге алдандым деп ақталуда.