«Қазақфильмде» 12 көлікті зақымдаған жүргізуші сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақфильмде» 12 көлікті зақымдаған жүргізуші сотталды

«Қазақфильмде» 12 көлікті зақымдаған жүргізуші сотталды

2 шілде күні Алматы қалалық сотының баспасөз орталығында Жаңгір Бокашевқа қатысты брифинг өтті, деп хабарлады almaty.sud.kz. 

  • 3 Шiлде 2015
  • 364
Фото - Caravan.kz


Сот Ж.Бокашевті ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырды.
«Нақтырақ айтқанда, қылмыстық іс құжаты бойынша Ж. Бокашев №31 автобустың жүргізушісі болып жұмыс жасаған күндері 2015 жылдың 18 ақпанында Алматы қаласы Бостандық ауданы «Қазақфильм» ықшам ауданында жол көлік оқиғасына себеп болған. Соның салдарынан 12 автокөлікке зақым келтірілді. Және автобуста отырған жәбірленуші Б. Шайменов ауыр жараланды», делінген хабарламада. 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.