Жарияланды: 420

"ҚазақМұнайГаз" компаниясы жаңартылған веб-сайтын бұқара назарына ұсынды

Бүгін, 9-қазанда Алматыда "Мұнай және газ-2003- KIOGE 2003 " атты 11-халықаралық конференция барысында "ҚазақМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ компанияның жаңартылған веб-сайтының тұсаукесерін өткізді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Өз сайтында "ҚазақМұнайГаз" компаниясы мұнайгаз саласындағы жаңалықтарды, компания іс-қызметі туралы ақпаратты, сондай-ақ, "ҚазақМұнайГаз" компаниясының барлық құрылымдық бөлімшелері туралы және компанияның барлық департаменттері мен қызметтерінің басшылары туралы мәліметті жариялап отыр. Тұсаукесер шарасын ұйымдастырушылардың айтуынша, сайты жасау барысында олар әлемдік желінің мүмкіндіктері мен озық технологияларды мейлінше толыққанды пайдаланған. Бұл мүмкіндіктер журналистер мен мұнайгаз саласы бойынша зерттеулер жүргізуші мамандарға қолғабыс болуы тиіс. Ендігі жерде мұндай мүдделі жандар мұнай компаниясының басшыларына on-line режимінде сауал беріп, оған интернет арқылы жедел түрде жауап алуға мүмкіндігі бар. Жаңа ресурс авторларының айтуынша, қазір жаңартылған сайт толықтырылу үстінде, бірақ қажетті ақпараттарды іздеу барысында оны қазірдің өзінде пайдалануға болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін