"ҚазақМұнайГаз" Одесса-Броды мұнай құбырын мұнаймен толтыру жөніндегі Украинаның коммерциялық ұсынысын қарауға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазақМұнайГаз" Одесса-Броды мұнай құбырын мұнаймен толтыру жөніндегі Украинаның коммерциялық ұсынысын қарауға дайын

"ҚазақМұнайГаз" Одесса-Броды мұнай құбырын мұнаймен толтыру жөніндегі Украинаның коммерциялық ұсынысын қарауға дайын

"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ Одесса-Броды мұнай құбырын технологиялық мұнаймен толтыру жөніндегі Украинаның коммерциялық ұсынысын қарауға дайын. Бұл туралы "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ басқарушы директорының Украиналық "Укртранснефть" мұнай компаниясының басшылығына жолдаған хатында айтылған.

  • 3 Қазан 2003
  • 726
Фото - Caravan.kz

Украина отын және энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасынан KZ-today тілшісіне мәлім болғанындай, хатта Қазақстандағы басқа да мүдделі мұнай компанияларымен бірдей «ҚазақМұнайГаз» компаниясы «жоғары сапалы Қазақстан мұнайын Украина және Еуропа рыноктарына тасымалдау үшін Одесса-Броды бағытындағы мұнай құбырын биылғы жылы пайдалануға беру жөніндегі мәселені талқыға салуға дайын»,- деп көрсетілген.

Сондай-ақ, «ҚазақМұнайГаз» Украина мен Польша арасындағы Броды-Плоцк мұнай құбырын тарту жұмысына қатысуға мүдделілік танытты.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Укртранснафта» ААҚ мемлекеттік мекемелер мен Әзербайжан, Қазақстан, Ресей және Өзбекстандық компанияларға Одесса-Броды мұнай құбырын толтыру үшін 2003-жылдың қазан айында «Южный» терминалына мұнай сортына қарай 380-420 мың тонна технологиялық мұнай жеткізуді сұраған болатын. Украиналық компания мұнай бағасын жалпы үш жылда, ал бірінші төлемді оны алғаннан кейін бір жылда төлеу туралы ұсыныс жасаған.
Технологиялық мұнай сатып алу туралы ұсыныстар ҚР энергетика және минералды ресурстар министрігіне, Ресей Федерациясының энергетика министрлігіне, Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясына (ГНКАР), «Өзбекнефтегаз» МК-на, «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-на, сондай-ақ, «Сиданко» ААҚ , «Башнефть ҰК» ААҚ, «Сургутнефтегаз» ААҚ, «Лукойл» ААҚ, «Роснефть Мұнай Компаниясы» ААҚ, «Сібір мұнай компаниясы» ААҚ, «НГК «Славнефть» ААҚ, «Юкос» мұнай компаниясы ААҚ, «ТНК» ААҚ, «Татнефть»ААҚ тәрізді мұнай компанияларына жіберілді.