Жарияланды: 420

"ҚазақМұнайГаз" ҰК " ЖАҚ 2006-жылы мұнай өндіру көлемін 31 процентке арттырады

2002-жылғымен салыстырғанда "ҚазақМұнайГаз" ҰК " ЖАҚ 2006-жылы мұнай өндіру көлемін 31%-ке, мұнай тасымалын 27%-ке, газ тасымалын 25%-ке, мұнай өңдеу ауқымын 37%-ке арттырады. Бұл туралы бүгін, 8-қазанда "Мұнай және газ-2003- KIOGE 2003 " атты 11-халықаралық конференцияда "ҚазақМұнайГаз" ҰК " ЖАҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

Ұ.Қарабалиннің айтуынша, "өнім өндіру ауқымын арттыру, активтер құрылымын өзгерту және инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде салық төлемдерін 5 процентке жеткізу көзделіп отыр. Нәтижесінде салық төлемдері 72 млрд. теңгеге жетеді". Сондай-ақ, Ұ.Қарабалиннің хабарлауынша, "қазіргі жағдаймен Қазақстан бойынша өндірілген жалпы мұнай және газ көлемінің 16 проценті "ҚазақМұнайГаз" ҰК " ЖАҚ-ның үлесінде". Ал 2002-жылы "ҚазақМұнайГаз" ҰК " ЖАҚ өндірген жалпы мұнай көлемінің 2 млн. тоннасы ішкі рынокта сатылса, алыс және жақын шетелдерге 5,3 млн. тонна мұнай шығарылды,- деді ол. Қазіргі таңда , Ұ.Қарабалиннің айтуынша, "компания жоғары дамыған тасымал инфрақұрылымын иемденеді. Атап айтсақ, 2002-жылы Самара бағытындағы құбыр жүйесімен 14 млн. тонна, КТК жүйесі арқылы 12 млн. тонна мұнай тасымалданды. Жалпы мұнай құбырларымен тасымалданған мұнай көлемі 32,8 млн. тонанны құрады".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін